Медаль, қола, күміс және алтын болып үшке бөлінеді
Еліміздің үздік жастарына «Елбасы медалі» табысталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал медаль, қола, күміс және алтын болып үшке бөлінеді. Жоба мамыр айында үкімет қаулысында қабылданып, күшіне енді. Оған он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастар қатыса алады. Медаль патриоттық танытып, көптен озық екенін дәлелдегендерге табысталады. Төсбелгі «Спорт және физикалық даму», «Таланттар мен дағдылар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристік жорықтар», «Еңбек практикасы» сынды бағыттарда беріледі. Бірақ медальға қол жеткізу үшін кемінде 6 ай тынбай еңбектену керек.
«Басты міндет – жастарға ересек өмір мен еңбек жолына дайындықтан өтуге, өздерінің интеллектуалдық, тұлғалық, физикалық тұрғыдағы білік, дағдыларын мейлінше көрсете білуге мүмкіндік беру. Елбасы медалі бағдарламасы – осы іспеттес үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасалған», – деді «Елбасы медалі» жобасының үйлестірушісі Бибігүл Өтепқалиева.