Халықаралық шара барысында 10 мемлекеттен келген делегация өкілдері онлайн сөз сөйледі
Білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен ІТ және бизнес саласының мүмкіндіктері. Осындай тақырыпта Қазақ-Британ техникалық университетінде халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Шара барысында 10 мемлекеттен келген 40 делегация өкілі онлайн сөз сөйлеп, жетістікке жету жолындағы құпияларын бөлісті. Олардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаттары, зерттеуші ғалымдар мен халықаралық компания өкілдері бар. Осылайша, кездесу халықаралық дәрежедегі ғылым, білім және индустрия саласындағы ортақ диалог құратын алаңға айналды.
Университет студенттері өздерінің толғандарын сұрақтарын қойып, әлемдік практиктермен онлайн тілдесті.
«Қазақстан-Британ техникалық университеті өз жұмысын осыдан 20 жыл бұрын бастады. Бүгінде оқу ордасы IT және энергетика саласы бойынша білікті мамандар дайындап келеді. Халықаралық конференция ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жоғары оқу орнының құрылған күнімен тұспа-тұс келіп отыр», - деді Қазақстан-Британ техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Маратбек Ғабдуллин.