Кітапта ислам негіздері туралы кең тарқатылады
Алматыда орта ғасырлық қазақ ғалымы Хусамеддин ас-Сығнақидың қолжазбалар жинағы жарық көрді. Кітапта ислам негіздері туралы кең тарқатылады. Аталмыш іс-шараға Ғылым Ордасының ғалымдары мен «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінің профессорлары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кету керек, жарыққа шыққан құнды кітапқа орта ғасырлық ғалымның ұрпақтары демеушілік еткен.
«Бұл еңбекте көптеген мәселе қамтылған. Оның ішінде дін саласындағы сенімге байланысты проблемалар да көтерілген. Сонымен қатар аталмыш туынды әл-Матуриди ақидасы бойынша жазылған», – деді профессор, филология ғылымдарының докторы Шамшәдин Керім.
Кітапта арабша жазылған «Тәмһид» атты қолжазбалардың қазақ тіліне аударылған нұсқасы жарияланып отыр. Аталған жинақ исламтану, дінтану және теология бағытындағы зерттеушілерге арналған.