ҚР ІІМ Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі бақылауына алды

Almaty.tv
Almaty.tv

2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқанын еске салайық

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 "Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады", – делінген хабарламада.

Еске салайыө, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқан.Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік апат: Талдықорғанда жаяу жүргіншіні жүк көлігі басып кетті

Новости партнеров