Сенімсіз сілтемелер сан соқтырады

28.08.2023 05:03

Сарапшылар белгісіз сайттарға кірмеуге шақырады

24.kz

Әлеуметтік желілердегі хакерлік форумдарда банк клиенттерінің деректер базасына сұраныс жоғары. Сондай-ақ мұндай ақпараттар ақылы.

Сарапшылар ғаламтор саласында да көлеңкелі бизнес барын айтады. Дербес деректер желіге тарап кетпеуі үшін белгісіз сайттарға немесе сілтемелерге  кірудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

Көп жағдайда ғаламтордағы ойындар мен онлайн сатып алу сайттарына кірген пайдаланушылар алаяқтардың қармағына жиі түседі.

-Азаматтардың көбі тегін нәрсеге құмар. Ұтыс ойындарын көрсе, айналып өте алмайды. Олар асығыстықтан әлеуметтік желідегі ақпараттың рас-өтірігін тексермейді де. Ойланбастан өздерінің жеке деректерін өздері жібере салады. Сондықтан кибер-гигиена ұғымын насихаттау керек. Ақшаны өзгенің есепшотына аудармас бұрын, бірнеше мәрте ойлану қажет. Жіберген сілтемелерге өтпеу керек, -дейді Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының басшысы Олжас Сатиев.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды