Елорда күніне орай асық ойнау алаңдары ашылды

baq.kz
baq.kz
Асық ойыны – баланың ой - қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке тәрбиелейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астананың 25 жылдығына орай елорданың Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарында асық алаңдары ашылды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.

Асық ойыны – баланың жастайынан ой - қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа тәрбиелейді. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі.

Асық алаңдарын Алматы ауданы бойынша «Студенттік саябақта» және Есіл ауданы бойынша «ЭКСПО» аумағындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументінің» алаңында орналасқан. Сондай-ақ алдағы уақытта дәл осындай алаңдарды басқа аудандарда және еліміздің өзге де өңірлерінде ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, алаңдардың ерекшелігі – асық тарихы және ойын түрлері мен ережелері туралы мағлұматты арнайы енгізілген QR-код арқылы білуге болады.

Асық алаңын ашуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров лебізін білдірді. Сондай ақ алаңның ашылу рәсімініне «Асық ойыны» федерациясының жетекшілері мен өкілдері, партия мүшелері, қала тұрғындары қатысып, белсенділік танытты.

Новости партнеров