Пәкістанның Белуджистан провинциясында болған жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетсек, Пәкістанның Белуджистан провинциясында болған жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты. 300-ден астам адам зардап шекті. Қаза болғандардың арасында алты бала бар.