Бұл туралы ұлыбританиялық GKN холдингіне кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді
Нидерландтық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Алматыға Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында мамандарды жібереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы ұлыбританиялық GKN холдингіне кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді.
"Стандартты хаттама аясында біз Қазақстанға техникалық қолдау ретінде шағын команданы жібереміз", - деді ол.
Fokker өкілі мұндай ақпараттың құпиялылығына байланысты, сарапшылардың қай жерде және қай құрамда қай жерде жүретінін нақтыламады.