Қазақстанда балық аулауға уақытша тыйым салынды

05.04.2023 14:20

Тәртіп бұзғандарға айыппұл мен бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

rus.com.az

Экология және табиғи ресурстар министрлігі уылдырық шашу кезеңінде балық түрлерін сақтау мақсатында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "Уылдырық" науқанын өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып тыйымның мерзімі белгіленген.

Құзырлы мемлекеттік органның қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтайды.

Аталмыш тыйымды бұзғандар үшін 10-нан 40 АЕК-ке дейін айыппұл салу (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жазасы қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидасын сақтап, заңды бұзбауға шақырды.