Қала әкімі әйелдер қауымына қуаныш пен бақыт тіледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен қыз-келіншектерді құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.
«Қымбатты қыз-келіншектерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Әйел – сұлулықтың, мейірімділік пен даналықтың, нәзіктіктің бейнесі. Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы. Бұл күн мен көктемнің әр күні тосынсыйға толы болсын, қуаныш пен бақыт сыйласын», – деді Б.Сағынтаев.