ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қазір ең бастысы - халық пен билік арасындағы диалог. Ғабидолла Әбдрахымов еліміздің басшылығы тарапынан қолдау мен сенімге ие болғанын жақсы білесіздер. Өкінішке қарай, ол мұны жеткілікті түрде түсінбеді», - деді Қырымбек Көшербаев.
Ол адамдардың көпшілігі мемлекет көмегіне мұқтаж болған кезде, Арыс қаласын қалпына келтіру жүріп жатқанда және Түркістан дамып жатқанда Әбдрахымовтың жүріс-тұрысы БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер мен Интернетте егжей-текжейлі талқыланғанын атап өтті.
«Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына қайшы келеді, жалпы алғанда, биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді», – деп атап өтті Президент Әкімшілігінің басшысы.
Көшербаев халық биліктің барлық тармақтарының адал жұмысына лайық екенін атап өтті.
«Аймақ басшылары халықтың нағыз қызметшісі болуы және өзін осындай жолмен ұстауы тиіс», – деп түйіндеді Көшербаев.
Еске салайық, Ғабидолла Әбдрахымов қызметінен кетіп, оның орнына Ерлан Айтаханов келді.