Астана тағы бір ауданмен толығады

29.04.2024 14:35

Алматы ауданын бөлу туралы бастама 2018 жылы көтерілген

elements.envato.com

Астанада енді алты аудан болады. Халық санының өсуіне, қала құрылысының белсенді жүруіне байланысты Алматы ауданы екіге бөлінеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

1998 жылы құрылған Алматы ауданында шаһардың бет-бейнесіне айналған ғимараттардың басым бөлігі орналасқан. Аймақтағы Президент саябағы мен Триатлон паркі, «Қазақ елі» алаңы, Ұлттық музей, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы қала қонақтары ерекше ілтипатпен баратын айшықты құрылыс нысандары.

Айта кетейік, Алматы ауданын бөлу туралы бастама 2018 жылы көтерілген. Қала кеңесінің ортақ шешімімен ол кезде ауданның кей бөлігі Байқоңыр ауданына қосылған болатын. Осылайша енді Астанада алты аудан болады: Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Нұра және атауы әзірге белгісіз жаңа аудан.

Оқи отырыңыз: Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды