Қазақстанда заңға қайшы 700-ге жуық интернет-ресурсқа шектеу қойылды

Қазақпарат
Қазақпарат
Ақпарат министрлігі республикалық және өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік ресурстарды бақылап отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда заңға қайшы 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетіне сілтеме жасап.

Комитет Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.

"2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

экстремизмді насихаттау – 5;

порнография тарату – 133;

есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;

ойын бизнесі – 272;

жарнама – 24;

әкімшілік құқықбұзушылық – 4;

алаяқтық – 197;

баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.

Новости партнеров