Алматыда ақша айырбастау орындарының жұмыс уақыты өзгерді

21.03.2020 14:37

Мейрам күндері жұмыс уақыты қысқартылды

21 және 25 наурыз аралығында Алматыдағы ақша айырбастау орындары сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін ғана жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Мұндай шешімді Алматыдағы коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі аймақтық жедел штаб қабылдаған.    

«Қаладағы ақша айырбастау орындарының жұмыс уақытына шектеу енгізілді. 2020 жылдың 21 наурызынан 25 наурызына дейін барлық ақша айырбастау орындары, оның ішінде екінші деңгейлі банктер де сағат 10.00-ден 16.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшеді», – делінген хабарламада.    

Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындары да жұмыс уақытын өзгертіп, 21-25 наурыз аралығында сағат 10.00-ден 16.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшкен болатын.