Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео)

17.04.2019 14:41

Адамдар қауіпсіздігі үшін алаңдай бастады

Жағалауда өріп жүрген жыландар Ақтау тұрғындарын шошытты. Адамдар өз қауіпсіздігі үшін алаңдай бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ал сарапшылар жағалауда өріп жүрген жыландардың су сарыбас жыланы екенін, олардың адам өміріне қауіп төндірмейтінін айтып, жұртшылықты сабырға шақырды.

«Дронт» экологиялық орталығының жанындағы қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушыларды қорғау бірлестігінің координаторы Марк Пестовтың сөзіне қарағанда, әдетте улы жыландардың басы үшбұрыш пішіндес, ал көзінің қарашығы тік саңылаулы,  ал усыз жыландарда ол дөңгелек болады екен.

«Каспий жағалауындағы су жыландар қауіпті емес», - дейді маман.

Марк Пестов жылан шағып алған жағдайда бірден жарадағы қанды сорып алып, профилактика үшін аллергияға және гистаминге қарсы дәрілерді қабылдауға кеңес берді. Сонымен қатар көп су ішу керектігін айтады.