Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды
Жаңа су қоймасы бірнеше күн бұрын шөл даланың қақ ортасында пайда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың «тосынсыйының» рахатын көріп жатыр.

Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында су қоры болуы мүмкін.

Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді. Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.

Новости партнеров