Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады
2022 жылғы Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза және намаз кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
Сонымен қатар пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді.