Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысы атом сынағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
"Бүгін - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", - деді Тоқаев Twitter-де.