БҚО-да колледж ғимараты опырылып түсті

03.09.2019 15:00

Төтенше жағдайға ғимараттың әбден ескіргені де себеп болған

Батыс Қазақстан облысы Калинин ауданында колледж ғимараты опырылып түсті,  деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, көлемі 80 шаршы метр болатын қабатаралық жабын опырылған. Сондай-ақ, төтенше жағдайға ғимараттың әбден ескіргені де себеп болған.  Сарапшылар тобынан құрылған комиссия осыдан төрт жыл бұрын бұл ғимараттың апатты жағдайда екенін айтып, нәтижесінде колледжде сабақ тоқтатылған екен.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Телеарнадағылардың мәліметінше, бұл ғимарат 1980 жылы салынған.