39 тоннадан астам шие экспорттаушы елге кері қайтарылды

03.06.2024 15:06

Фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынды

Фото: elements.envato.com

Өткен аптада Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің транзиттік карантинге жатқызылған өніміне инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізген кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының 2 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.

Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асты.

ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар карантинге жатқызылған залалданған өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды.

Анықтама:

Дрозофила — бұл кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм, әдетте денесі қоңыр-сұр, көзі қызыл. Дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Шыбындар шіріген көкөністермен, жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген қызанақтардан вирус табылды