Қалалық полиция департаменті алаяқтардың белсенділігі артып келе жатқанын айтып, азаматтарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды: ол күн сайын жаңа формалар мен әдістерге ие болады. Бүгінде әркім өзінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы біле бермейді, соның салдарынан олар оны сақтамайды. Осыған байланысты, алаяқтардың бүгінде қалай әрекет ететіні туралы ақпараттық парақшалардың бірнеше нұсқасы және анимациялық бейнелері әзірленді. Ақпарат алдың, демек, қаруландың. Бұл өнімдер алаяқтардың ең танымал қылмыстық тізбектерін егжей-тегжейлі сипаттайды және оңай ақшаны жақсы көретіндердің жеміне түспеу туралы кеңестер береді. Мақсат – қоғамды қаскүнемдерден қорғау және мұндай қылмыстық көріністердің алдын алу, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Спикер ең танымал алаяқтық тізбек туралы айтты:
1. Қарт адамдарға қатысты алаяқтық. Олар жәбірленушілердің үй телефондарына қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады: алаяқтар өздерін жақын туыстары (ұлы, қызы, немерелері) ретінде таныстырып, олармен кенеттен туындаған жағдайды шешу үшін оларға ақша аудару қажет екенін хабарлайды. Көбінесе жол-көлік оқиғалары туралы айтып хабарласады. Бұл жағдайда әңгімені өзіңіз үзген дұрыс.
2. Үлкен дивидендтер уәде ететін онлайн жобаларға ақшалай қаражат салу. Әдетте, азаматтарды криптовалюталарға, акцияларға, бағалы металдарға ақша салуға көндіреді және олар әртүрлі елдердегі жоқ абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, инвестициялаудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтады. Компанияның беделін алдын ала тексеріңіз.
3. Банктен қоңырау шалу. Абонент өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады және үшінші тұлғалардың сіздің атыңызға несие алу әрекеті туралы хабарлайды. Есіңізде болсын! Банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз туралы ақпаратты сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға жіберілген кіру кодтарын талап етпейді. Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек.
Өте маңызды:
- әртүрлі «мессенджер» мен әлеуметтік желілер арқылы сізге жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және әртүрлі сайттарға банк картаңыздың деректемелерін енгізбеңіз, себебі бұл вирустық файлдар мен жеке ақпаратыңызды жинауға арналған қосымшалар болуы мүмкін, болашақта банк картаңыздан рұқсатсыз төлемдер үшін пайдаланылады және қаскөйлерге мобильді банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысының 15 жастағы тұрғыны елді дүрліктірді