Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді
Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары - Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.
1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында - санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.