Қазақстанда есірткі саудалаған сайт бұғатталды

02.04.2019 15:19

Сот шешімімен прокуратура талабы қанағаттандырылып, 14 сайттың қызметі заңсыз деп танылды

иллюстративное фото

Көлік прокурорлары есірткі сату сайттарының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе көлік прокуратурасы есірткі заттарын сату мен пайдалануды насихаттайтын әлеуметтік желілердегі парақшаларға қолжетімділікті шектеді.

«Осындай талаптармен Ақтөбе қалалық сотына қадағалау органы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сатуды жүзеге асырылған интернет-сайттарға мониторинг нәтижелері бойынша жүгінді», - делінген хабарламада.

Сайттар пайдаланушылар үшін қолжетімді болған және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет еткен.

Сот шешімімен прокуратура талабы қанағаттандырылып,  14 сайттың қызметі заңсыз деп танылды.