Алматыдан 385 шақырым қашықтықта жер сілкінді

31.01.2019 15:20
total.kz

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 31 қаңтарында 8 сағат 4 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 385 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасының аумағында болды.