«7-20-25» бағдарламасына қатысушылар «Нұрлы жер» бойынша баспана ала алады

BNews.kz
BNews.kz
«7-20-25» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасының үйлерін алу айтарлықтай жеңіл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«7-20-25» бағдарламасының қатысушылары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер 2019 жылдың басында күшіне енді. Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді.

«Мемлекет беретін үйлердің негізгі артықшылығы - төмен баға мен өңірлерде болуы. Астана, Алматы (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Атырау және Ақтау қалаларында тұрғын үйдің шаршы метрі 180 мың теңге, қалған өңірлерде - 140 мың теңге тұрады. Мысалы, Астанада 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерді 10,8 миллион теңгеге сатып алуға болады және ол үшін ең көп несиелеу мерзімі кезінде айына 61 мың теңгеден аспайды», - деді «Баспана» өкілдері.

«7-20-25» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасының үйлерін алу айтарлықтай жеңіл.

Оның бір себебі, әкімдікке кезекке тұру немесе ай сайын депозитке ақша жинаудың еш қажеті жоқ. Пәтерді таңдап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салса жеткілікті.

«Нұрлы жер» бағдарламасының индикаторларына сәйкес ағымдағы жылы 20 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр. Ең көп пәтер Алматыда (3170), Шымкентте (1981), Астанада (1873) және Қостанай облысында (1794) берілетін болады.  


Новости партнеров