2022 жылдың 30 наурызында Роскосмос ғарышкерлері Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, сондай-ақ NASA астронавты Марк Ванде Хай мінген «Союз МС-19» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Союз МС-19» кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясы ресейлік сегментінің «Рассвет» модулі Мәскеу уақытымен 10:21-де ажыратылады деп жоспарлануда.
«Союз МС-19» кемесінің түсірілетін аппараты сағат 14:28-ге қонады деп жоспарланған. Ол Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтыққа түседі, делінген Роскосмостың Telegram-дағы парақшасында.
«Союз МС-19» басқарылатын кемесінің экипажы Антон Шкаплеров ХҒС-та жарты жыл, ал Петр Дубров пен Марк Ванде Хай 1 жылдай жұмыс жасап, Халықаралық ғарыш станциясында рекорд орнатты.
Белгілі болғанбай, аппараттың ажыратылып және қонып жатқан сәтін тікелей эфирден көруге болады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі таңда ХҒС-та Ресей, АҚШ және Еуропа елдерінен 10 ғарышкер жұмыс істеп жатыр.