20 мың шаршы метрді құрайтын нысан қаладағы ең үлкен діни ғимарат болмақ
Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алла үйінде бір мезетте 7 мың мұсылман құлшылық жасай алады. Күмбезі күн көзімен таласқан алып мешіттің жалпы аумағы – 6 гектар. 20 мың шаршы метрді құрайтын нысан қаладағы ең үлкен діни ғимарат болмақ. Салынып жатқан мешіттің құрылысымен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев танысты. Ғибадат ететін орынның ерекшелігі, онда жеке кітапхана, әкімшілік бөлім, медресе сыныптары болады. Көркіне көз тоймайтын мешіт алдында 3500 көлікке арналған тұрақ жасалады. Ал нысан 2021 жылы қолданысқа беріледі.