ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев неліктен жыл сайын көктемде Алматыға баратынын айтып берді
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың оңтүстік астананы жылы лебізбен еске алып отырған сәті бейнеленген мұрағат видеоны жариялады.
«Алматы көрікті де, жасыл, менің туған әрі сүйікті қалам. Шынымды айтсам, ол жаққа барғанда толқып тұрамын. Бұл біздің елдің көркем де, жап-жасыл шаһары. Біздің үйді бақ қоршап тұратын. Одан бөлек, үй іргесіндегі телімнің өзі жарты гектар аумақты алып жатты ғой деймін. Осынау жарты гектар бүкіл отбасыны асырап отырды. Бұл алмалы бақ еді. Алматыда алма ағаштары гүлдеген кезде айнала құлпырып кетеді. Міне, сол кезде мен міндетті түрде сонда барамын. Жыл сайын алмалы бақтың ішінде түскен фотосуреттерім бар. Бұл менің естелігімдегі өшпес әсер», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті.