Оқиға Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесінің қиылысында болған
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанармай таситын Volvo көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Сол кезде қатты жылдамдықпен тура сол бағытта BMW 7 көлігі бара жатады.
Жүргізуші жанармай таситын көліктің сол жағынан басып озбақ болғанда, көлігі бір жаққа ығыса бастайды. Ер адам рөлге ие бола алмай, авто бар жылдамдығымен жанармай таситын көліктің тіркемесіне соғылды.
Содан соң өрт шыға бастаған. Жанармай таситын көліктің жүргізушісі мен жолаушы өрт сөндіргіштердің көмегімен жанып жатқан көлікті сөндірген.
Жол апаты салдарынан зардап шеккен BMW жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.