Хромтауда өрттен 15 адам құтқарылды

21.07.2024 15:32

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді

elements.envato.com

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

«ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті