Біз күн сайын қиын шешімдер қабылдаймыз, әр минут сайын адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік жүгін сезінеміз – Бекшин
Алматы қаласының Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин СЭҚ қызметкерлерін бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық СЭБД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі жағдайда санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар ауыр жағдайда жұмыс істейтінін атап өттіп, пандемия кезінде атқарған жұмыстары үшін әр маманға алғысын білдірді.
«Бір жыл бұрын санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар жаңа жағдаймен соқтығысты. Пандемия бүкіл әлемге адам өмірі мен денсаулығынан құнды ештеңе жоқ екенін айқын көрсетті. Сонымен қатар, жауапкершілік, өзіңіз туралы ұмытып, басқа біреуді құтқару үшін барлық күш – жігеріңізді бере білу, бұл қасиеттер әрқайсыңызға тән. Еңбекқорлық танытып, біздің ортақ ісімізге жан салуға дайын болғандарыңыз үшін рахмет. Бұл күні біз өз жетістіктерімізді, үлкен жеңістерімізді, күнделікті табыстарымызды, өз әріптестерімізді де мақтан етуге құқылымыз», – дейді Ж.Бекшин.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин құттықтау сөзінде әріптестеріне алғыс айтып қана қоймай, Алматы қаласының барлық тұрғындарына өз денсаулығын күтіп, бақытты болуды тіледі!