Елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды

28.01.2019 15:35

Жаз айында дүркіретіп той өткізіп, елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жәния - MAKVIN лақап атымен шыққан Нұрболат Базарбаевтың әйелі. Ол «Қазақстан дауысы» және «Хочу к Меладзе» жобасы арқылы танылған әнші.

Сәбилі болғанын Нұрболат Базарбаевтың әйелі Жәния мәлімдеді. Ол баласымен түскен суретін желіге жүктеді.

«Бізге бір күн болды», – деп жазды Жәния желіде.

Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, тілегін жазды.

«Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын», «Ана бақыты бұйырғаны үшін қуаныштымын», – деп жазды желі қолданушылары.

Әлі де тақырбас күйінде жүргені үшін сынға алғандар болды.

«Ана атанғаныңды шашыңды өсіріп, орамал тағатын шығарсың енді», – дейді бірі.

Әнші жұртты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берген еді.


Сурет: KYN.kz