Ақтау тұрғыны Шетпе елдімекенінің маңынан белгісіз жануардың сүйектерін тауып алды

Ақтау тұрғыны Шетпе елдімекенінің маңынан белгісіз жануардың сүйектерін тауып алды
Бұл сүйектер ихтиозаврға тиесілі болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаулық азамат Шетпе елдімекенінің маңынан белгісіз жануардың сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды Хабар-24.

Ол кезіккен қаңқа осыдан 100 млн жыл бұрын теңізде өмір сүрген динозавр болуы мүмкін. Владимир есімді қала тұрғыны өз жаңалығын әлеуметтік желіде жариялаған. Әуесқой түсірілімді ресейлік сарапшылар да көріпті.

Олардың айтуынша, бұл сүйектер ихтиозаврға тиесілі болуы мүмкін. Алайда бұл болжамның растығы тек сараптама жұмыстарынан соң белгілі болмақ. Қазір ол бейнетаспаны қазақстандық мамандарға көрсетуді жоспарлап жүр. 

«Қаңқа табылған жерді сырт көзден жасыруды ойладым. Өйткені қол тисе болды, олар күл боп шашылып қалуы мүмкін. Сол үшін тек ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктедім. Оны зерттеумен өз ісінің мамандары айналысуы қажет деп ойлаймын»,  деді  қала тұрғыны Владимир Ярцев.  

Новости партнеров