Алматыда қоғамдық орындарға кезекті дезинфекция жұмыстары жүргізілді

20.05.2020 15:51

19 мамырға жоспарланған 8264 кіреберіс (2837 үйде) 100% залалсыздандырылды

пресс-служба городского акимата

2020 жылдың 20 мамыр күнгі жағдайы бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кіреберістер мен аулалар бойынша:

19 мамырға жоспарланған 8264 кіреберіс (2837 үйде) 100% залалсыздандырылды. Жаңбыр жаууына байланысты 1311 аула аумағына дезинфекция жасалған жоқ.

Дезинфекция жұмыстарына 450 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 71 480 литр дайын ерітінді қолданылған.

20 мамырдағы жоспар бойынша 2682 үйдің 7268 кіреберісі мен 1345 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 441 адамы бар 62 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:

19 мамыр күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр), жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарда дезинфекциялау жасалған жоқ.

Санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге:

– 145 бірлік арнайы техника;

– 1205 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1280 тоннаны құрады.

20 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 152 бірлік арнайы техника (оның ішінде 75 бірлік дезинфекцияға);

– 1069 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.