Атаулы күн 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы.
Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.
Оқи отырыңыз:Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады