ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді
2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтарға кезең-кезеңімен бүкіл қызметтер қолжетімді болады. Ал Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.
Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚКО-лар мен ХҚКО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады. Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚКО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.