Жер асты дүмпулері Алматыдан 147 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді
Алматыдан 147 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды.
"7 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 07:08-де жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 147 километр жерде орналасқан. MPV магнитудасы – 4.3", - делінген сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның хабарламасында.
Зілзаланың сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Екінші жер сілкінісі де 7 желтоқсанда Алматы уақытымен 08:20-да болды.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 километр жерде, Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан. Сезілгені туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 4 желтоқсанға қараған түні Алматы облысындағы бірнеше қаланың тұрғындары жер сілкінісін сезді: Текелі мен Талдықорғанда жер асты дүмпулерінің күші үш балға дейін жетті.