Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өтіп, террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған. Құзырлылар қылмыскерді осы жылдың сәуірінде қолға түсірген.
Тінту кезінде Бітімбаевтан травматикалық қару, жарылғыш заттарды дайындауға арналған бөлшектер және үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары мен бетперде алынды. Оның қылмысы толықтай дәлелденген.