Facebook қолданушысының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген
Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы хабарлама түсірілген скриншот әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Facebook қолданушысының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің суреті берілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды.
«Бұл – жалған ақпарат, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ», – деп мәлімдеді министрлік.