Мемлекет басшысы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

17.12.2022 15:50

Ол бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толғанын еске салды

gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Президент Twitter парақшасында.