20 ақпанда Алматы қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтеді

11.02.2019 15:57
wikicity.kz

20 ақпанда Алматы қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қала әкімі өткен жылды қорытындылап, сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар мегаполисті әлеуметтік-экономикалық жағынан одан әрі дамытудың жоспарлары туралы айтады.

«Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін есепті кездесу өтетін күні арнайы Call-орталық ұйымдастырылады. Бұдан өзге, кездесу almaty.gov.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі Алматы әкімдігінің ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кездесу Республика Сарайында сағат 10:00-де өтеді.