24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды
Алматыдағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірген ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ер адамға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп мәлім етті қалалық соттан.
Еске сала кетейік, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған болатын.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК-нің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.