Курсқа 700 жұмыссыз жас пен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында және SmART.point коворкинг-орталығында алғашқы «Кәсіп алаңы» курстарын өткізді. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында.
Спикерлер ретінде табысты кәсіпкерлер, салалық сарапшылар мен жетекші бизнес-жаттықтырушылар шақырылды. Олар мемлекеттің қолдау шаралары туралы және кәсіпкерлік негіздер жөнінде дәрістер оқыды.
«Курстың алғашқы тыңдаушысы ретінде 700 жұмыссыз жастар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысты. Жалпы, шамамен 80 мың адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Курстан алынған білім олардың өз бизнесін құруға немесе дамытуға көмектеседі», – деді Бақытжан Сағынтаев.