Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте психолог-дефектолог Әсел Сағадатова айтты
Баланың сөйлеуінің дамуы энцефалит, менингит сынды жұқпалы аурулардан, иммунитетті әлсірететін ұзақмерзімді аурулар себебінен кешігуі мүмкін.
Тұқым қуалайтын факторлар да кездеседі. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте психолог-дефектолог Әсел Сағадатова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
"Баланың тілі кеш шығуының себебі, отбасында қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған жағдайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, педагогикалық немқұрайлылық, немесе бала жиі ұрыс-керістерді байқаса немесе ата-анасы оған айқайласа, онда ол стресске ұшырайды, бұл сөйлеудің дамуын тежеуі мүмкін", - деді Әсел Сағадатова.
Сондай-ақ балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету де бала тілінің кеш шығуына әкелуі мүмкін.