Аягүл Миразова: Бұл – жамбылдықтардың ғана емес, бүкіл халықтың қайғысы

29.08.2021 16:10

Енді бұндай қайғыны қайталатпасын!

qamshy.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Аягүл Миразова Жамбылдағы жарылыстан қаза болған азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтып, емханада жатқан адамдардың аман-есен емделіп, отбасыларына оралуын тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бірігіп  көтерген жүк – жеңіл» дейді ғой. Қандай қиындығы, тауқыметі болмасын бірігіп, бірлігімізді көрсетіп, жұмыла көтерсе бұл ауыртпалық жеңіл болады. Өмірден озып кеткен азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Емханада жатқандар аман-есен емделіп, отбасыларына оралсын деп тілеймін.

Осы оқиғаға байланысты 29 тамыз елімізде «Қаралы күн» болып жарияланды. Бұл – тек тараздықтардың ғана емес, бүкіл халықтың қайғысы. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев та, Елбасымыз да бұл жағдайға бей жай қарамағанына дер кезінде қабылдаған шешімдерінен-ақ аңғаруға болады.

Халқымен бірге қабырғасы қайысып, барлық жағдайды жасауға тапсырманы бергені – халықтың бірлігі деп санаймын. Енді бұндай қайғыны қайталатпасын! Аман-есен болып, бәрі қалыпқа келсін деп тілейік.Осындай қиындық кезеңде бірігу үшін халқымның пейілі, ниеті ешқашан төмендемесін.

Ендігі кезекте еліміз аман, тек жақсылық болсын!» – деді Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Аягүл Миразова.


Айта кетейік, Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.