«Алматы» телеарнасының басшылығы мен ұжымы Әміролла Сарымның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады
Қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист, «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы редакторларының бірі Әміролла Сарым 81 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әміролла ақсақал белгілі саясаттанушы, ҚР Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның әкесі. Ол көптеген жылдар бойы «Қазақстан» телеарнасында аянбай қызмет етті, қазақ журналистикасының дамуына елеулі үлес қосты. Әміролла ақсақалды танитындар оның салмақты, парасатты, ерекше мейірімді екенін айтады.
«Алматы» телеарнасының басшылығы мен ұжымы Әміролла Сарымның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.