Университеттер мен колледждер студеттеріне ай сайын 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушыларына 5 мың теңгеден беріледі
Тұрмысы төмен отбасылардағы оқу үздіктеріне шәкіртақы беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есепті кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасылардағы оқу үздіктеріне стипендия беріледі. Бұл білімге деген құштарлықты арттырады. Университеттер мен колледждер студеттеріне ай сайын 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушыларына 5 мың теңгеден беріледі. Айтпақшы, биыл еліміз бойынша бөлінген гранттардың 40 пайызы немесе 27 мыңы Алматыға тиесілі. Бұл жерде біз грантпен оқитындардың барлығына бөлінетін стипендияны сөз етудеміз. Әрине,бұл отбасы үшін қосымша табыс көзіна айналады», - деді Бауыржан Байбек.
Бұрындары Алматы әкімі «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбаслардың екінші баласынан бастап балабақшаның тегін болатынан хабарлаған еді.
Айта кетейік, мегаполисте «Бақытты отбасы» арнайы тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндіктері жоқ, сондықтан қала бюджетінен 1 млн. теңгенің сертификаттары тапсырылады. Алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызын құрайды, төлем 2 пайызбен 18 жылға созылады. Несие жаңа үйлердегі құны 15 миллион теңге болатын шағын пәтерлерге ғана беріледі.