20 жастағы Нышанбай Оңғарбайдың туғаннан екі қол, бір аяғы жоқ. Шымкенттегі «Тасарық» балалар үйінде тәрбиеленіп өскен ол бүгінде Нұрсәт мөлтекауданында пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттен 56 мың көлемінде жәрдемақы алады. Өкінішке қарай, бұл ақша пәтерақыдан артылмайды. Жарымжан жігіттің ән айтып отырған видеосын белгілі журналист әрі блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram парақшасына жариялаған.
Дәулеттің айтуынша, Нышанбайдың протезі де ескірген.
«Протезді жыл сайын ауыстырып отыру қажет. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір протезбен жүр. Аяғын қысады, қажайды. Десе де шыдауға мәжбүр. Жақсылықтың ерте-кеші болмайды, ағайын! Көмек қолын созам деушілер болса, төменде көрсетілген телефонға xабарласыңыздар: 8-702-56-11-444. Kaspi Gold 5169 4931 7331 2300, ИИН 831121401365 Сандуғаш Пердешқызы @sandi_adina. Алла мол сауаптан жазсын!» - деген блогер қазақстандықтарды мүгедек жігітке қол ұшын созуға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Қазақтың ДӘУЛЕТі (@dauletten)16 Апр 2019 в 4:54 PDT