Екеуі қалаға гид болып жұмыс істеу үшін келген
Перуде аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 34 жастағы Мейбет Эспиноза мен 36 жастағы Гектор Видаль түнгі клубтан үйге қайтып келе жатқан. Сосын екеуі көпірге келіп тоқтаған. Келіншек рельске отырып, жігітін аяғына орап алған кезде тепе-теңдікті жоғалтқан. Ер адам көпірден ұстанып қалуға тырысты, алайда онысынан түк шықпаған.
Ескерту! Бұл видеоны психикалық ауытқулары бар адамдарға, аяғы ауыр келіншектер мен 18 жастан аспаған адамдарға көруге болмайды. Оқиғаның салдарынан Мейбет ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ал ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмған.
БАҚ хабарлауынша, олар альпинист болған. Екеуі қалаға гид болып жұмыс істеу үшін келген. Ал қайғылы оқиға орын алғанға дейін мас күйде болған.