Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс – Президент

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», – деді Президент.

Новости партнеров